Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Коломбо (Шри-Ланка) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде 12 мәрте жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Отандастарымыз чемпионаттың барлық салмақ дәрежесінде финалға шықты.
«Қазақстандықтар әр салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Құрлықтық турнирде бірінші орындарды Айым Танкибаева (48 келіге дейін), Сила Биболсынқызы (50 келіге дейін), Рахмина Абдумежитова (52 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін), Алина Құдайгенова (63 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (66 келіге дейін), Мария Сидоренко (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (81 келіге дейін), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) иеленді»,—делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!