фото: champion_vl.ru
Бокстан әлем кубогы 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшыларды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
World Boxing ұйымының аясында өтетін турнирде еліміздің намысын мына боксшылар қорғайды:
- 50 келіге дейін – Нұрзат Оңғарұлы
- 55 келіге дейін – Нұрсұлтан Алтынбек
- 60 келіге дейін – Талғат Сырымбетов
- 65 келіге дейін – Алмат Абдуәлі
- 70 келіге дейін – Дархан Дүйсебай
- 80 келіге дейін – Диас Молжігітов
- 85 келіге дейін – Дәулет Төлемісов
- 90 келіден жоғары – Даниял Сапарбай
Жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!