Фото: «Кайрат» футзал клубы
KAZINFORM – Бразилияның Фоз-ду-Игуасу қаласында әлемдегі футзалдың жетекші өкілдерін біріктірген Mundo do Futsal Experience 2025 халықаралық форумы өтті.
Халықаралық форум қонақтары қатарында футзал әлемінің танымал өкілдері, соның ішінде аты аңызға айналған бразилиялық ойыншы Фалькао, жетекші бапкерлер, сарапшылар және үздік клубтардың өкілдері болды. Салтанатты жиын аясында әлемде футзалдың дамуына үлес қосқан үздік мамандар мен клубтар марапатталды.
Іс-шараға арнайы қатысқан алматылық «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков халықаралық футзалдың дамуына қосқан үлесі үшін арнайы номинациямен марапатталды. Одан бөлек форумға клубтың спорттық директоры Густаво Парадеда да қатысып, әлемдік футзал қауымдастығы өкілдерімен тәжірибе алмасып, кәсіби кездесулер өткізді.
Айта кеткен жөн, Mundo do Futsal Experience — футзал саласындағы жетекші мамандар, клуб басшылары мен сарапшылар бас қосатын халықаралық алаң.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!