Фото: ҚР дзюдо федерациясы
Бүгін дзюдодан Абу-Дабиде ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған сында ерлерден төменде көрсетілген спортшылар өнер көрсетеді.
- 60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
- 73 келі: Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдірахманов
- 73 келі: Дархан Қойбағар (аралас командалық жарыс)
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар
- 90 келі: Айдар Арапов (аралас командалық жарыс)
- 100 келі: Нұрлыхан Шархан
- +100 келі: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер құрамасы:
- 48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
- 52 келі: бос
- 57 келі: Бақыт Құсақбаева
- 63 келі: Есмигүл Куюлова
- 70 келі: Екатерина Токарева
- -78 келі: Аруна Жангелдина
- + 78 келі: Камила Берліқаш.
Әлем чемпионатының тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан және judotv.comсайтынан қарауға болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!