Фото: olympic.kz
KAZINFORM – Бүгін, 25 қазанда күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтереді. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрес шеберлері ел намысын қорғайды.
Ел құрамасынан бозкілемге 61, 74, 86, 92, 125 келі салмақтағы балуандар шығады. Іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Еліміздің атынан 61 келі салмақта Әділет Әлмұхамедов 1/8 финалда бастап, Ибраһим Махди Хари (Иран) және Симоне Винченцо Пироду (Италия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Ал 1/8 финалда Мұрат Жақыпов (74 келі) АҚШ-тан келген Митчелл Мезенбринкпен кездессе, іріктеуде Нұржан Исағалиев (86 келі) израильдік Аарон Айзеровпен кездеседі.
Сондай-ақ 92 келіде іріктеуде Бекзат Аманғалиев венгриялық Мұса Арсункаев, 125 келіде 1/8 финалда Омархан Нәдіров болгариялық Ален Хубуловпен шеберлік байқасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!