Фото: KazFootball.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 14 шілдеде финалда Испания мен Англия құрамалары кездеседі.

Кездесу Берлин қаласындағы «Олимпиаштадион» стадионында өтеді.

Ойын сағат 00.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

B тобында сынға түскен Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.

Одан кейін 1/8 финалда Грузияны 4:1, одан кейін Германияны қосымша кезеңде, Францияны негізгі кезеңде 2:1 есебімен сүріндірді.

С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады.

Англиялық футболшылар 1/8 финалда Словакияны қосымша кезеңде 2:1 есебімен сүріндірсе, одан кейін Швейцария 1:1 (пенальтиден 5:3), Нидерландты 2:1 есебімен жеңді.

Екі құрама бұған дейін 27 мәрте кездесіп, 10-дa Испания, 13-де Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!