KAZINFORM — Аталған тур ойындары 10-12 қыркүйек күндеріне белгіленген. Бүгін, 11 қыркүйекте «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Ақтөбе-2», «Түркістан» мен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «Шахтер» (Қарағанды) шеберлік байқасады.

Ал 12 қыркүйекте «Алтай» (Өскемен) мен «SD Family» (Астана), «Каспий» (Ақтау) мен «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» бен «Екібастұз» (Павлодар облысы) ойнайды.

Бұл турда Түркістан облысының «Жетісайы» өз алаңында алматылық «Қайрат-2» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Жиырма турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!