Фото: «Қайрат» футбол клубы

KAZINFORM – Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының алғашқы тур ойындары басталды.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Бірінші тур ойындары 7 және 8 наурыз күндері өтеді.

7 наурыз

14.00. «Оқжетпес» – «Елімай»

16:00. «Алтай» – «Қайрат»

17:00. «Ақтөбе» – «Тобыл»

19:30. «Ордабасы» – «Ертіс»

8 наурыз

14:00. «Қызылжар» – «Каспий»

15:00. «Атырау» – «Ұлытау»

16:00. «Қайсар» – «Жеңіс»

18:00. «Астана» – «Жетісу».

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий», «Ертіс», «Алтай» командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигаға түсіп қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!