Фото: REUTERS

Лондондық «Челси» 2025 жылы АҚШ-та өтетін Клубтық әлем чемпионатының финалисі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жартылай финалда ағылшын клубы Бразилияның «Флуминенсе» командасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты.

Қарсылас қақпасына екі голды да шабуылшы Жоау Педро соқты. Ол 18 және 56-минуттарда көзге түсіп, кездесудің басты қаһарманы атанды. Бұл жеңіс Энцо Мареска шәкірттеріне беделді турнирдің финалына жолдама сыйлады.

Шешуші матчта «Челси» «Пари Сен-Жермен» мен «Реал Мадрид» арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Финал 13 шілдеде Нью-Джерси штатындағы «MetLife» стадионында өтеді.

Бұл – «Челси» үшін тағы бір халықаралық трофейге қол жеткізіп, әлемнің ең мықты клубтарының бірі екенін дәлелдеудің мүмкіндігі. Бұған дейін клуб Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алған еді. Енді жер шарындағы үздік командалар арасындағы басты жүлдені иеленуге талпынып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!