KAZINFORM – Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы турының бірінші ойын күні өтті.  

Бұл күні Англияның «Ливерпуль» командасы сырт алаңда «Галатасарай» клубымен кездесті. Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. Оны түркиялық клуб сапынан Марио Лемина 7-минутта соққан еді. Осылайша англиялық команда қарсыласына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

10 наурыз

«Аталанта» (Италия) – «Бавария» (Германия) 1:6

«Атлетико Мадрид» (Испания) – «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) 5:2

«Галатасарай» (Түркия) – «Ливерпуль» (Англия) 1:0

«Ньюкасл» (Англия) – «Барселона» (Испания) 1:1.

Енді 11 наурызда 1/8 финалда тағы төрт ойын өткізіледі. 

11 наурыз

«Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Челси» (Англия)

«Реал Мадрид» (Испания) – «Манчестер Сити» (Англия)

«Будё-Глимт» (Норвегия) – «Спортинг Лиссабон» (Португалия)

«Байер Леверкузен» (Германия) – «Арсенал» (Англия).

Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35-те «Байер Леверкузен» (Германия)

– «Арсенал» (Англия), 00:50-те «Реал Мадрид» (Испания) – «Манчестер Сити» (Англия)

«Qazsport», «Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Челси» (Англия) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, 1/4 финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.

Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса, финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!