Sputnik. Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Португалияның «Спортинг» командасымен ойнап, қарсыласына есе жіберіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Матч Лиссабондағы Жозе Алваладе стадионында өтті, оған польшалық төреші Дамиан Сильвестжак төрелік етті.Фаворит бірінші таймда басымдық танытып, бірқатар қауіпті сәт тудыра алды. 24-ші минутта Шерхан Қалмурза Мортен Юльманның пенальтиін қайтара алды.

Алайда Франсишку Тринкан 44-минутта, үзіліске дейін алыстан жасалған соққымен есеп ашты. Екінші таймның басында алматылықтарда гол соғатын мүмкіндіктер болды, сәйкесінше Еркін Тапалов пен Дастан Сәтбаев гол сала алатындай сәттер болды.

Қалмурзаның қателігінен кейін Луис Суарес баспен допты қақпа маңдайшасына бағыттады. Қазақстан чемпиондары есепті теңестіруге тырысқанымен, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Жоржиньо да матч кезіндегі тамаша мүмкіндікті жіберіп алды.

Содан кейін Қайрат қақпасына санаулы минутта бірінен кейін бірі үш рет доп кірді:

Тринкан 64-ші минутта, Алиссон Сантос 66-шы минутта, Джовани Кенда 68-ші минутта гол салды. Ойынның 86-шы минутында лиссабондықтардың қақпасына Эдмилсон бағыттаған доп дәл тиіп, ойын 4-1 есебімен аяқталды.

Енді 30 қыркүйекте «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!