KAZINFORM – Алматылық «Қайрат» футбол командасының UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды.

Жарыстың аталған сатысында алматылық команда енді Финляндияның «КуПС» командасымен шеберлік байқасады. «Қайрат» алғашқы ойынын 22 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 29 шілде қарсыласын Алматыда қабылдайды.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасын (1:1, 2:0) қапы қалдырды.

Алматылық клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен соңғы екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

Сондай-ақ биыл қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Ордабасы» және «Астана» Конференция лигасында ел намысын қорғайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!