Қазақ футболшысы Дастан Сәтпаев еуропалық және әлемдік футбол тарихына енуі мүмкін. Алайда ол үшін тек бір ғана мүмкіндігі бар, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты sport.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір Дастан 17 жаста. Ол 19 қыркүйекте Чемпиондар лигасының тарихын қайта жазуға жақын. Ол үшін португалиялық «Спортингтің» қақпасына гол соғуы жеткілікті. Егер бұл мүмкіндік орындалса, Сәтпаев Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан ойыншы атанады. Қазіргі рекорд «Барселона» клубының екі футболшысына тиесілі: Ансу Фати 17 жасында және 40 күнінде гол соққан, ал Ламин Ямаль 17 жасында және 68 күнінде көзге түскен. Ал 19 қыркүйекте Дастанның жасы 17-де және 38 күн болады.

«Қайрат» пен «Спортинг» арасындағы матч Португалия астанасы Лиссабонда өтеді. Бұл ойын «Қайрат» үшін Чемпиондар лигасының негізгі (топтық) кезеңіндегі алғашқы кездесу болмақ. Егер Дастан «Спортингке» қарсы ойында гол соға алмаса, онда келесі мүмкіндігі Алматыда өтетін «Реал Мадридке» қарсы ойында болады. Бірақ ол кезде жасы 17-де және 49 күнде болады, сондықтан ол тек Ямальдың рекордын ғана бұза алады, ал Фатидің нәтижесін жаңарта алмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!