Мәдениет және спорт министрлігі мемле­кеттен өмір бойы материалдық көмек алуға құқылы спорт­шылар қатарын кеңейтуді жос­пар­лап отыр.
Бұл тізімге ересектер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары да қосылуы мүмкін. Спортшылар мен жаттықтырушының мін­детті еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға төмен­дету көзделіп отыр. Талапкер 10 жыл бойы үз­дік­сіз еліміздің дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етуі тиіс.
Қаржылай көмек тек Қазақ­стан азаматтығы бар спортшыларға ғана беріледі. Тиісті құжат жобасы Ашық үкімет порталына қоғам талқысына шықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!