фото: ашық дереккөзден алынды
Алғашқы финалдық бәсекеде Д. Патанин еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол қазылардан 13,900 ұпай жинап, бірінші орын иеленді. Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Венгрияның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алғашқы финалдық бәсекеде Патанин еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол қазылардан 13,900 ұпай жинап, бірінші орын иеленді.
Бұл сында екінші орынды болгариялық Кевин Пенев (13,600), ал үшінші орынды Олимпиада-2020 және әлем чемпионы израильдік Артем Долгопят (13,200) алды.
Бүгін Патанин қос сырықта бәсекесінде де жүлде үшін таласады. Ал соңғы жарыс күні қазақстандық Милад Карими керме жаттығуларында финалға шығады.
Айта кетейік, 25 жастағы Дмитрий Патанин биылғы маусымда Ташкентте өткен Challenge Cup кезеңінде қос сырықта қола медаль иеленген. Сонымен қатар ол Бакудегі әлем кубогында осы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!