Фото: видео скриншот

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Алматыда ұйымдастырылған бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандасымыз филиппиндік Джо Нойнаемды (23-4-2, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Данияр қарсыласын 4-раундта нокдаунға түсірді. Жекпе-жек одан кейін жалғасқанмен, жаттықтырушылары кеңесе келе жұдырықтасуды тоқтатты. 

Данияр Елеусінов соңғы рет 2021 жылы ресми жекпе-жекке шыққан. Аргентиналық Хуан Эрнан Леальды жеңіп, IBO чемпиондық атағын иеленген еді. Одан кейін жекпе-жекке шықпады. 

2023 жылдың желтоқсан айында «IBA Чемпиондар түні» кешінде жұдырықтасуға шыққан. Алайда ол жекпе-жек ресми кездесу болып саналған жоқ. 

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінде аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бақ сынады. Алғаш рет бокс жекпе-жегіне шыққан ол Нұрберген Шәріповті жеңіп шықты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!