KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. Бірақ тізімде Дастан Сәтпаев жоқ.

«Қайрат» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр. Сол себепті олар Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатыспайды.

Айта кетейік, 2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.

Ал 4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты — оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.

Сонымен Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі мынадай:

Қақпашылар: 

— Темірлан Анарбеков;

— Шерхан Қалмұрза;

— Данила Буч.

Қорғаушылар:

— Луиш Мата;

— Александр Мартынович;

— Егор Сорокин;

— Еркін Тапалов;

— Александр Мрынский;

— Александр Широбоков;

— Лев Кургин;

— Сұлтан Асқаров;

— Әмірбек Базарбаев.

Жартылай қорғаушылар:

— Дан Глейзер;

— Валерий Громыко;

— Дамир Қасабулат;

— Әділет Садыбеков;

— Яакко Оксанен;

— Юг Станоев;

— Мұхамедәли Әбіш;

— Исмаил Бекболат.

Шабуылшылар:

— Жоржиньо;

— Эдмилсон;

— Рикардиньо;

— Рамазан Бағдат;

— Мансур Биркурманов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!