Фото: instagram.com/d.satpayev
“Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев медициналық тексерістен өту үшін Катар астанасы Дохаға жол тартады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, бұл шешім дәрігерлердің кеңесімен қабылданған. Футболшы бүгін түнде ұшады.
Айта кетейік, Сәтпаев Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы ойынына қатысқан жоқ. Сол кезде жүргізілген тексерулер нәтижесінде дәрігерлер мен бапкерлік штаб шабуылшыны алаңға шығармау жөнінде ортақ шешім қабылдаған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Дастан Сәтпаев жарақат алып, Қазақстан құрамасынан шет қалғаны туралы жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!