Футболдан алматылық «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасындағы сәуір айының үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған қоса алматылық клубтан Рафаэль Уразбахтин үздік бас бапкер болды. 

Сәуір айында «Қайрат» алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Осылайша турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. 

Айта кетсек, наурыз айында үздік бапкері мен үздік ойыншысы атағына Дастан Сәтпаев пен Рафаэль Уразбахтин ие болған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!