фото: Кайрат ФК
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында ел чемпионы «Қайрат» сырт алаңда «Қызылжармен» ойнап, маңызды үш ұпайына қол жеткізді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Петропавлда өткен ойында алматылықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта «Қайрат» жұлдызы Дастан Сәтпаев соқты.
Матчтан кейін Сәтпаев осынау жеңіс голын күні кеше қайтыс болған 19 жастағы футболшы Диас Төлеудің рухына арнайтынын айтты. Гол соқаннан кейін ол қолымен «Т» әрпін бейнелеген. Еске салайық, екі ойыншы былтыр «Қайраттың» U18 командасында бірге ойнаған.
«Хан-Тәңірі» клубының ойыншысы Дастан Төлеу 16 қазанда тура ойын кезінде есінен таңып, ауруханаға жетпей қайтыс болған еді. Дәрігерлер оның өлімінің нақты себебін әлі айтқан жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!