фото: ҰОК

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев 2025 жылғы алғашқы жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды 1bol.kz сайты.

35 жастағы балуан Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-при турнирінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

«Финалда Жадыраев венгриялық Роберт Фричті айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді. Ал үшінші орынға ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев тұрақтады», – деп жазылған сайтта.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Демеу Жадыраев Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, күміс жүлде жеңіп алған еді. Финалдық бәсекеде ол жапониялық Нао Кусакадан жеңілген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!