Фото: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстандық теннисші жапониялық Каити Утидамен бірге финалда америкалықтар Джордж Голдхофф — Трей Хильдебрандпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда америкалық жұп 7:5 есебімен басым түсті.
Екінші сетте қазақстандық-жапониялық дуэт қарымта қайырды — 6:2. Бірақ супер тай-брейкте жеңіс америкалықтардың еншісінде кетті — 10:5.
Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев — Утида 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Голдхофф –Хильдебранд 2 эйс, 1 эйспен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Денис Евсеев пен Каити Утиданың финалға дейін жетуінің өзін табыс деп есептеуге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!