Британдық боксшы Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дензел 2022 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте Әлімханұлынан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жеңілген. Сол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Жеңілістен кейін Бентли бірнеше рет қазақстандық боксшыға қайта күш сынасуды ұсынды. Бұл жолы ол Жәнібектің әлеуметтік желідегі жазбасына жауап қайтарды. Әлімханұлы Карлос Адамеске үн қатқан кезде, британдық: «Бәрін ұмыта берейік. Сен қайдасың?» – деп реваншқа шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!