Фото: ашық дереккөзден алынды
Семсерлесу спорты бойынша Астанада Әлем кубогі өтті. Дүбірлі додада Ұлттық ұланның әскери қызметшісі, ефрейтор Руслан Құрбанов қанжығасына күміс жүлде байлады.
Халықаралық деңгейдегі бәсекеде қазақстандық семсерші жарыстың ширек финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы, жапондық Кано Кокиді бір ұпай айырмасымен,яғни 9:8 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда венгриялық Дэвид Нагимен кездесіп, тартысты бәсекеде 15:13 есебімен басым түсті. Осылайша Руслан Құрбанов турнирдің финалына жолдама алып, әлемдік доданың шешуші кезеңіне шықты. Финалдық жекпе-жек те ерекше шиеленісте өтті. Ұландық спортшы Украина емсершісі Роман Свичкармен күш сынасты. Қарсыластар бір-біріне дес бермей, соңына дейін тартысты ойын көрсетті. Дегенмен шешуші сәтте қарсылас 15:12 есебімен басымдық танытты. Осылайша ефрейтор Руслан Құрбанов Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ерлер мен әйелдер сапы бойынша ұйымдастырылған додаға әлемнің 46 елінен шамамен 500 спортшы қатысты. 222-і әйел бақ сынаса, ерлерден 272 адам семсерлесті. Командалық сайыстарға 31 ер және 23 әйел құрамасы қатысты. Ал турнирде Қазақстан атынан 30 спортшы бақ сынады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!