Фото: Қазақстан ҰОК

KAZINFORM – Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың қай уақытта шығатыны белгілі болды.

Ел құрамасынан Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Абылайхан Жүсіпов финалда жұдырықтасады. 

18:30. 54 келі. Сәкен Бибосынов – Вячеслав Рогозин (Ресей)

18:45. 57 келі. Оразбек Асылқұлов – Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)

19:45. 71 келі. Абылайхан Жүсіпов – Сергей Колденков (Ресей)

20:00. 75 келі. Сабыржан Аққалықов – Исмаил Муцольгов (Ресей).

Аталған додада бақ сынаған отандастарымыз Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында өтіп жатқан турнирде былғары қолғап шеберлері 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап жатыр. 

Жарыстың жүлде қоры қомақты. Атап айтар болсақ, чемпион – 300 мың доллар, күміс жүлдегер – 150 мың доллар, қола жүлдегер – 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан боксшы 10 мың доллар алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!