Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы қоржынына алғашқы алын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Данияр Шәмшиев 73 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевтің осал тұсын тапты.
Белдесу өте жылдам аяқталды. Данияр қарсыласының әлсіз тұсын байқап, «иппонға» қол жеткізді. Нәтижесінде белдесу уақытынан ерте тоқтатылды.
Есе салсақ, бұдан бұрын құрлықтық додада әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды.
Ал ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске салсақ, құрлықтық дода 4-7 тамыз күндері аралағында болады деп жоспарланып отыр.
Оған Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді деп күтілуде.
Спортшылар 14 салмақта сынға түседі.
Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!