Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Манама қаласында өтіп жатқан (Бахрейн) жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 4 алтын, 5 күміс және 5 қола алды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы спорт түрінен бәсекелер екі күнге созылды.
Ұлттық құрамадан Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Бекәли Еркен (-66 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг) және Айша Алтай (-70 кг) қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы болды.
Аслан Ерғалиев (-55 кг), Алуа Балтабай (-48 кг), Сейфіл Дәулеткерей (-73 кг), Шыңғысхан Тәңірберген (-90 кг) мен Әділжан Жаудинов (+90 кг) күміспен күптелді.
Ал Адия Жанахмет (-40 кг), Інжу Сахабадин (-44 кг) Інжу Жұмажан (-57 кг), Азима Серік (-63 кг) және Тоғжан Төлебай (+70 кг) Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды.
Азия ойындарында дзюдо бойынша бәсекеге барлығы 31 елден 182 жас татами шебері қатысты. Жалпыкомандалық медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 2-орынға ие болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
 
			