Ауыр атлетикадан Астана қаласында өтіп жатқан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында талантты спортшы Едіге Емберді Азия рекордын жаңартты,  деп хабарлайды «Адырна«

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, негізгі бәсеке тек 3 спортшының арасында ғана өрбіді. Ересектер арасында Азия чемпионатының 4-орын иегері Хайитбой Абдушукуров, 73 келідегі чемпион Ақжол Құрманбек және жастар мен жасөпірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді соңына дейін өзара күш сынасты.Нәтижесінде Едіге Емберді серпе көтеру және қорытынды жаттығуда қос бірдей Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды. 

79 келі. 14 қатысушы. 

Едіге Емберді – 347 келі (153+194) 

Ақжол Құрманбек – 343 келі (151+192) 

Хайитбой Абдушукуров – 337 келі (152+185) 

Едіге Емберді бұған дейін 2022 жылы да жастар арасында әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!