Қызылордалық «Қайсар» екінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Бас бапкер Сұлтан Әбілдаев жиынға тек жергілікті футболшыларды шақыртты.

Жиынға шақырту алған футболшылар тізімітөмендегідей.

Қақпашылар: Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов;

Қорғаушылар: Олжас Алтаев, Алдан Балтаев, Абылайхан Төлегенов, Руслан Дүйсенбаев, Елжас Сарбай, Ерболат Серік, Айбол Жахаев;

Жартылай қорғаушылар: Думан Нәрзілдаев, Ислам Әбілқасов, Ерболат Рүстемов, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Бауыржан Мағжан, Самат Балымбетов;

Шабуылшылар: Өркен Махан, Шоқан Абзалов, Елжас Алтынбеков.

Айта кетейік, командаға келетін өзге футболшылар алдағы уақытта қосылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!