Жақын арада фристайл-могулдан Қазақстан командасы әлем кубогының екі кезеңінде бірден өнер көрсетеді. Екеуі де Еуропада өтеді. Құрам анықталды және қазіргі уақытта спортшылар алдағы жарыстарға белсенді дайындалуда.
Алдағы екі әлем кубогы кезеңі бірінен кейін бірі жүреді. Италиядағы жарыс 12 наурызда басталса, Франция маңызды турнирді 18-19 наурыз аралығында өткізеді. Сонымен қатар Италиядағы жарыс бағдарламасы тек параллель могул жарыстарынан тұрады. Ал Франциядаспортшыларжекелейсында да, параллель могулда да өнеркөрсетеді.
Қазақстан командасы дайындығын «Шымбұлақта» өткізуде. Оқу-жаттығу жиыны 22 ақпанда басталды.
Әлем кубогының жалпы есебі туралы айтатын болсақ, командадағы еңүздік аралық көшбасшылар– Павел Комлаков пен Юлия Галышева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!