SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2026 жылы жарыс жолына қайта шығуды жоспарлап отыр.

Болжам бойынша, атақты спортшы 2026 жылғы 8–10 мамыр аралығында Астанада өтетін Grand Slam сериясының кезеңінде өнер көрсетуі мүмкін. Бұл турнир Қазақстандағы ең ірі халықаралық дзюдо додаларының бірі саналады.

Judo News Online басылымының жазуынша, Қазақстан құрамасы Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялаған. Алайда негізгі құрамда Елдос Сметовтың аты жоқ.

«Париждегі Grand Slam-ға бір айдан сәл астам уақыт қалды. Қазақстан Францияға негізгі құрамымен барады, бірақ көшбасшы — Елдос Сметов тізімде жоқ. Бәлкім, оны Астанадағы турнирде көрерміз», — деп жазады басылым.

2026 жылғы алғашқы Grand Slam турнирі 7–8 ақпанда Парижде өтеді. Қазақстан бұл жарысқа алты салмақ дәрежесінде сегіз дзюдошы апарады.

Қазақстан құрамасының құрамы:

48 кг дейін: Әбиба Әбужақынова

60 кг дейін: Шерзод Давлатов

66 кг дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар

90 кг дейін: Айдар Арапов

100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасында тарихи алтын медаль жеңіп алғаннан кейін жарыстарға қатыспады. Алдымен ол мансабында үзіліс жасап, шетелде ағылшын тілін меңгеруге кеткен. Кейін иығына операция жасатқаны белгілі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!