Фото: ijf.org

Дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыс 20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтеді. Жеңімпаз атанған дзюдошы 700, күміс жүлдегер 490 рейтингтік ұпай алады. Ал қола медаль еншілеген 2 дзюдошы 350 ұпайға ие болады.

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер:

  • 60 келі:  Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев;
  • 66 келі:  Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали;
  • 73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов;
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
  • 100 келі: Нұрлыхан Шархан;
  • +100 келі: Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:

  • 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
  • 57 келі: Бахыт Құсақбаева;
  • 63 келі: Эсмигуль Куюлова;
  • 70 келі: Екатерина Токарева;
  • 78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина;
  • +78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!