Фото: ҰОК
Олимпиада чемпионы, даңқты дзюдошы Елдос Сметовтің халықаралық жарыстарға қашан қайта оралатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дереккөздердің мәліметінше, Елдос Сметов мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысуды жоспарлап отыр.
Алайда ол 2026 жылдың басында Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатыспайды. Бұған дейін дзюдошы жаттығу процесін қайта бастағанын хабарлаған. Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан бері халықаралық жарыстарда әлі белдескен жоқ.
Айта кетейік, Елдос Сметов Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола, ал 2024 жылы Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, ол елімізде Олимпиада ойындарының барлық жүлде жиынтығын иеленген санаулы спортшылардың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!