Дзюдошы Елдос Сметов Jenys кәсіби клубындағы өз жолын аяқтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, ол клубтың «Даңқ залына» енген және клубтың құрметті капитаны атанбақ.
«Клубымыздың бір бөлігі болған ол басты спорттық арманын орындады, Олимпиада чемпионы атанды. Елдостың жеңісі – Қазақстан мен жалпы Орталық Азия тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын медаль. Jenys клубы үшін бұл – зор мәртебе», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
