Фото: massaget.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 – Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлады Massaget.kz

Елена ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы Жасмин Паолиниді (Италия) жеңді. Есеп – 6:3, 5:7, 6:3. Ойын 2 сағат 10 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет Штутгарттағы жарыстың жартылай финалына шықты. Осыған дейін екі рет екінші айналымда қарсыласына жеңіліп қалған еді.

Жартылай финалда Рыбакина Ига Швентек (№1, Польша) және Эмма Радукану (№303, Ұлыбритания) арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!