SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің екінші кезеңінде сенімді жеңіске жетіп, үшінші айналымға жолдама алды.
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық теннисші Франция өкілі Варвара Грачевамен (WTA №77) кортта жолықты. Кездесу екі сетке созылып, Рыбакинаның айқын басымдығымен аяқталды — 7:5, 6:2.
Матч 1 сағат 17 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ ол жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Үшінші айналымда Рыбакина Чехияның теннисшісі Тереза Валентовамен кездеседі. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 54-орында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
