Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында ойнайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемдік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтен басым түсті – 6:1, 6:4.
Испания астанасында өтіп жатқан жарыстың төртінші айналымында қазақстандық теннисші америкалық Эшлин Крюгерді 6:3, 6:1 есебімен ұтқан чех Сара Бейлекпен ойнайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!