фото: baq.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биылғы маусымдағы жекелей сындағы өнерін сәтті аяқтады. Ол Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен World Tennis Continental Cup көрме турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Турнирдің негізгі кездесулерінің бірінде әлемнің бесінші ракеткасы швейцариялық теннисші Белинда Бенчичті (WTA рейтингінде 11-орында) айқын басымдықпен ұтты. Матч екі сетте аяқталып, есеп 6:3, 6:4 болды.
Бұл кездесу Рыбакина үшін 2025 жылғы маусымдағы жекелей сындағы соңғы ойынға айналып, оның жеке өнеріне нүкте қойды.
Сонымен қатар қазақстандық спортшының Шэньчжэньдегі жарыс бағдарламасы әлі де жалғасады. Елена Рыбакина аралас жұптық сайыста да кортқа шығады. Ол ресейлік теннисші Андрей Рублёвпен бірге Монакодан Валантен Вашро мен Польшадан Ига Швёнтек құрамасымен кездеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!