KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы шілде айынан бергі кезеңде үздік нәтижеге қол жеткізді.

OptaAce сайтынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші осы мерзімде WTA жарыстарында барлығы 41 матчты жеңіспен тәмамдаған.

Бұл жөнінен Е.Рыбакина басқалардан қара үзіп кетті.

Әлемнің екінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек, рейтингіде бесінші сатыдағы америкалық Джессика Пегула, сондай-ақ канадалық Виктория Мбоко, румыниялық Сорана Кырстяның еншісінде 31 жеңістен бар.

Бүгін түнде Елена Рыбакина әлемнің 43-ракеткасы, америкалық Хейли Баптисті 7:6 (7:5), 2:6, 6:2 есебімен ұтып, Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Қазірдің өзінде ол осы жарыста 61 865 АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 65 рейтингілік ұпайға ие болды. Бірақ өткен жылғы ұпайын қорғау үшін кемінде төртінші айналымға дейін жетуі қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!