фото: елорда әкімдігі

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының былғары қолғап шебері Санжар Ташкенбай 48 кг дейінгі салмақтағы финалдық жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевпен тартысты кездесу өткізді. Өкінішке қарай, төрешілердің шешімі бойынша (1:4) Санжар жеңіліс тауып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

21 жастағы Санжар Ташкенбай осымен Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанып отыр. Ол бұған дейін, 2022 жылы Иорданияның Амман қаласында өткен чемпионатта алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!