Фото: Астана қаласының әкімдігі
Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогының жарысы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Тұрсынақынова Толқын сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 305 спортшы қатысып, күштерін сынады.
+78 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол қарсыластарын жеңіп, нәтижесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Халықаралық турнир 31 наурызға дейін жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!