Жуырда Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Ерасыл Сәулетбеков қола жүлдегер атанды.
81 келі салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 344 келіні еңсерген ол жұлқа көтеруден 154, серпе көтеруден 190 келіні бастан асырды. Сондай-ақ серпе көтеруде кіші медаль жеңіп алды. Бапкері – Айдар Ералиев.
– Мұнымен тоқтап қалмаймын. Әлі талай әлемдік ареналарда топ жарып, көк туымызды көкте желбіретемін, – дейді спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейін спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.
Нұр БАҚЫТ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!