Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде қазақстандық 3 спортшы жүлделі болды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Нұрқожа Қайпанов (-74 келі) 1-орын иеленсе, Азамат Дәулетбеков (-86 келі) күмісті қанағат етті. Ал Ризабек Айтмұхан (-97 келі) жеңіс
тұғырынан көрініп, алтын алды.

Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Айтмұхан Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзербайжан) есе жіберді.

Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир кеше, 29 мамырда аяқталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!