KAZINFORM – Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты екінші іріктеу сатысын сәтті бастады.

Қазақстандық футболшылар бүгін, 19 наурызда Грузиямен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында қазақстандық құрамадан Дәулет Орынбасар 48, 75, Исмаил Бекболат 55-минутта мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы ойынын сәтті бастады. 

Енді олар алдағы ойынын 25 наурызда Литваға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Кюрасаомен жолдастық кездесу өткізеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы J тобында сынға түседі.

Қарсыластары — Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!