Фото: hcbarys.kz
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Мұндай шешім елордалық клубтың Құрлықтық хоккей лигасының өткен маусымында тіркелген төмен спорттық көрсеткішіне байланысты қабылданып отыр. Осындай себеппен «Барыс» басшылығы негізгі команданың бапкерлер құрамында өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, қазірге дейін «Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін Ғалым Мәмбетәлиев атқарып келді. Ол бұл қызметке өткен жылдың қазан айында келген еді.
Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.
Қазір елордалық клуб жаңа маусымға дайындығын бастап кетті. Оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтеді. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кірісті. Ал 1 тамыздан бастап біржақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер олардың қатарына қосылады.
Елордалық команда 26-29 тамыз аралығында Ресейдің Магнитогорск қаласындағы халықаралық «Иван Ромазан мемориалы» турниріне қатысады.
Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!