Футбол – әлемдегі ең атақты спорт. Бүгінде бүкіл әлем осы спортқа қыруар қаржы құйып, футболшылар нағыз жұлдыз болып жүр. Бірақ бүкіл әлемдегі миллиондаған футболшылардың ішінде ерекше нәтижелерімен көзге түскендер көп. Назарларыңызға футболда қойылған рекордтарды ұсынамыз.
– Ресми голдар бойынша ең көп гол соққан футболшы – Пеле. Футбол патшасы1956-77 жылдар арасында 1363 матчқа қатысып, 1279 рет қанжығасын майлаған. Бірақ Пелеге дейін ойнаған тағы бір бразилиялық Артур Фриденрейх одан да көп гол соққан екен. Әйтсе де, бұл ресми дәлелденген жоқ.
– Әлемге әйгілі футбол әуендері Түркия жанкүйерлерінің еншісінде. ŞAMPİYON BEŞİKTAŞ, Beşiktaş Çarşı атты әндер клубтың бойтұмарына айналған. «Бешикташқа» футболдағы ерекше рекордтардың бірі тиесілі. Жанкүйерлер стадиондағы шу бойынша Еуропаны дүр сілкіндірген. «Ливерпульмен» өткен ойында стадиондағы дауыс жаңғырығы 132 децибелді көрсеткен. Әзірге бұл рекордты ешкім жаңарта алған жоқ.
– Мексикалық төреші Гонсалес бір матчта 26 қызыл қағаз көрсетіп, тарихта қалды. Алаңдағы жанжалдан кейін ол 22 футболшының бәрін алаңнан қуып қана қоймай, команданың бапкеріне де қызыл қағаз көрсеткен.
– Кәсіпқой деңгейдегі матчқа қатысқан ең жас футболшыға тоқталсақ. Боливия чемпионатында «Аурора» мен «Ла-Пас» матчында алаң иелерінің бас бапкері Хулио Сесар қиын жағдайда қалды. Командада ойыншылардың басым бөлігі жарақаттанып, көбі алаңға шыға алмады. Сондықтан ол өзінің ұлын алаңға жіберді. Маурисионың жасы 12-де болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!