Футболдан Колумбия құрамасының ойыншылары. Фото: Jamie Squire/Getty Images
Футболдан Америка кубогының ширек финалы аяқталып, жартылай финалға өткен барлық құрама анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 7 шілдеде ширек финалдың соңғы екі матчы өтті. Колумбия құрамасы Панаманы 5:0 есебімен жеңді. Ал Уругвай командасы Бразилияны пенальти сериясында қапы қалдырды (4:2). Осылайша, жартылай финалда Аргентина, Канада, Уругвай, Колумбия командалары ойнайды.
Қазақстан уақыты бойынша жартылай финал ойындарының кестесі:
10 шілде, 05:00. Аргентина – Канада;
11 шілде, 05:00. Уругвай – Колумбия.
Айта кетейік, АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогының финалы 15 шілдеде Майами-Гарденс (Флорида штаты) қаласында болады.
Соңғы рет Америка кубогын 2021 жылы Аргентина құрамасы жеңіп алған еді. Бұл команда финалда Бразилияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!