KAZINFORM – Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының ойын күнтізбесі толық белгілі болды.

Бұл жөнінде Kffleague.kz сайтында жарияланды.

Премьер-лига биылғы маусымының алғашқы турында 7 наурызда «Ақтөбе» – «Тобыл» (Қостанай), «Алтай» (Өскемен) – «Қайрат» (Алматы), «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) – «Ертіс» (Павлодар), 8 наурызда «Астана» – «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау» – «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) – «Жеңіс» (Астана), «Қызылжар» (Петропавл) – «Каспий» (Ақтау) ойнайды.

Екінші турда 14 наурызда «Қайсар» – «Астана», «Қайрат» – «Ақтөбе», «Тобыл» – «Жетісу», «Елімай» – «Алтай», 15 наурызда «Каспий» – «Оқжетпес», «Ертіс» – «Атырау», «Жеңіс» – «Ордабасы», «Ұлытау» – «Қызылжар» кездеседі.

Ал үшінші турда 19 наурызда «Оқжетпес» – «Ұлытау», «Ордабасы» – «Қайсар», «Жетісу» – «Қайрат», «Ақтөбе» – «Елімай», 20 наурызда «Алтай» – «Каспий», «Астана» – «Тобыл», «Атырау» – «Жеңіс», «Қызылжар» – «Ертіс» шеберлік байқасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!