Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасына қарсы ойнайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Кореямен кездесу 17 ақпан күні Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Айта кетерлігі, КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!