фото: prosports.kz
6 ақпанда футболдан Қазақстан құрамасы 2027 жылы өтетін жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын біледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.
Қазақстан U21 құрамасы нәтижелеріне байланысты 5-себетте орналасқан. Бұл себетте Белорусия, Черногория, Босния және Герцеговина, Кипр, Латвия, Литва, Әзірбайжан және Люксембург бар.
Еуропаның 53 құрамасы 6 себетке бөлінген. Финалдық кезеңде үздік 16 команда өнер көрсетеді. Албания мен Сербия алаң иелері ретінде жарысқа тікелей жолдамаға ие болады.
Өзге себеттерде командалар төмендегідей:
1-себет: Испания, Англия, Португалия, Нидерланд, Германия, Франция, Украина, Италия, Дания.
2-себет: Румыния, Швейцария, Хорватия, Чехия, Польша, Норвегия, Бельгия, Грузия, Ирландия.
3-себет: Словения, Финляндия, Швеция, Аустрия, Словакия, Грекия, Исландия, Мажарстан, Болгария.
4-себет: Шотландия, Уэльс, Израиль, Солтүстік Македония, Түркия, Косово, Солтүстік Ирландия, Фарер аралдары, Молдова.
6-себет: Эстония, Мальта, Армения, Андорра, Гибралтар, Сан Марино.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!